Posted in

КӨҢІЛІ ШЕРГЕ ТОЛДЫ

Жаны жабырқады, қапа болды, уайым қысты. ~ Көңілі шерге толғанда осыларға аят бағыштап, бет сипаса, жан- дүниесі жеңілдеп қайтады. Қ.Түм. ~ Жалпы қазақ елінің басына қара бұлт үйіріліп, көпшіліктің көңілі шерге толғаны мәлім. Бірақ «қыдырымпазға күнде той» демекші, кейбіреулер жаңа жылдық кешті тойлап ырың-жырың болып жатса, осы қаладағы былтыр ғана ашылған «Арзу» дәмханасы азаматтық танытып, үш күн бойы қаралы күн деп, жаңа жылдық тапсырыстың бәрінен бас тартып, даңғырлақ музыкасын өшіріпті-міс. Міне білгендік! Басқаға үлгі. БАҚ (“Бурабай”). ~ Қазақтың бұ құлдықтан енді қайтып құтылмайтынын қарт жырау іштей ұққан. Содан болар, көңілі шерге толған. Р.Сей.