Өкпесі қара қазандай болды, әбден торықты, түңілді, көңілі қалы. ~ Енді қойсам қайтер ед. Білінбей ойнас тұрар ма?! Білген күнде Шекеннің, Бетіне не деп қарармын, Қөңілі маған қарайып, Ішіне қан қатады-ау! Ж.Айм. ~ Қой енді, көкесі! Бір жолға ашуыңды маған бер. Машина деген темір емес пе? Сол темір үшін бауырыңның көңілін қарайтпа. Соқталдай жігітті төмен етек әйелдердің алдында сабап, сағын сындырма! Біз көрмесек етті! Ә.Тар. ~ Бастапқы кезде Тәңірберген бұлардан қайбартып ықтап жүрді. Қазір бұның да көңілі қарайып, қанын торсыққа құйып алған шағы. Ә.Нұрп.
