Жүрегіне мұң ұялады, қайғы ойлады, қапаланды. ~ Бірақ көмейін құм бітеп, айналасына тырбық майда жиде өскен, бұл күнде мүлдем опырылып құлап қалған ойпаңды көргенде, әлденеге көңілі құлазып қалды. О.Сәрс. * Поезд ақырындап жылжи бастады. Сол-ақ екен, Әсет кездейсоқ бір бақытты сәттен жырылып, жалғыз қалғандай күйге түсіп, көңілі құлазып сала берді. .Мұр.* Хадишаның сұлулығына есіктен сығалаған Бәйтеннің өзі де қызығып, іле көңілі құлазып сала берген соң, «Тап қазір ештеңені да ойлауға болмайды», – деді іштей өзін-өзі бекітіп. Т.Әбд. * Жастай етімнің тірісінде жұмыс істеп тырбаңдап жүріп, қарттықтың қалай келгенін білмейде қалыппын ғой, – деп қарт көңілі құлазып,күрсінді. А.Әлт.
