Posted in

КӨҢІЛ ЖАРАСТЫРДЫ

Бір-бірін жақсы көріп, тіл табысты, көңіл қосты. ~ Зада енді бір жылдан соң бойжеткен ауыл қызы қатарына қосылатын бала еді. Мұғалім ішінен ойланып: «Өзім тәрбиелеп өсіріп көңіл жарастырармын, жүрек қосамын!» деп жүрді. М.Дәу. * Бабалық жеке кәсіпке көшкелі сол ауылдарға саудамен жиі барып жүреді де, ақыры осы қызбен көңіл жарастырады. Қ.Жұм.* «Бейбағым-ай, ақылы да ақшасы да жоқ мен болмасам өзге әлдекiммен көңiл жарастырып, маңдайыңның бағы ашылар ма едi?! Ж.Шағ. * Анасымен де таныстым. Əрине бес баласы бар əйелдің жалғыз ұлымен көңіл жарастырып жүргенін қайсы ана ұната қойсын. С. Досж. * Мейлі ғой, әзілдей берсін. Бірақ неге өз басыма сондай күй ешқашан тумайтындай, ешкіммен көңіл жарастыра алмайтындай, ешкімге тең болуға жарамайтындай сезінеді екенмін өзімді? Е.Жең.