Posted in

КӨҢІЛ (КӨҢІЛІ) КЕТТІ

Қызықты, құмартты; әлдебір іске әуес болды. * Енді далаға шығысымен, Бекболат Ақбілектің не болғанын білуге көңілі кетті. Қалай, кімнен біледі? Мұнда қазақ бар ма екен? Ж.Айм. * “Қоңыр аңның киесі, енді аулама”,— деген әкей. Содан сон, әкейдің қойымыздың жоқтығы — үлкен кемшілік деген сөздері есіме түсіп, киік асырауға көңіл кеткен. М.Мағ.