Қатты толғандырды, ерекше әсер етті. ~ Әттең, шеберлігім жетіп, мынадай сәттің керім күйін ұстай алсам ғой! Қылаулап қардың жауғаны қашанда адам жүрегінің қыл пернесін қозғайды, көңіл тербейді. Ә.Асқ. * Он сегіз жыл осы ауылда ғұмыр кешсем де бұл таудың басына шықпаппын ғой. Әдемі көрініс көңіл тербетті. Ә.Асқ. * Бірақ менен сен де жақсысың. Кітап арқылы мыңдаған адамдармен сырласасың. Көңіл тебірентер сыры терең өлеңдер жаздың. Т.Ахт.
