Posted in

КӨҢІЛ ТҮКПІРІНДЕ

Есіне жиі алмаса да, жады тереңінде жатқан шетін сыр туралы. * Осы бiр бейбiт елдiң бейбiт тiрлiгiн, дәл қазiргiдей мынау мамыражай суретiн қанша жыл көңiл түкпiрiне ұялатып, көзiне елестетiп едi. К.Сег. * Нияз енді бұрынғыдай көңіл түкпірінде емес, көп кейіпкерінің бірі боп кітап бетіне көшеді. Т.Ахт. * Бірақ көңілдің терең түкпірінде әлдебір мазасыз ой күнінде неше оянып жегідей жеуші еді. Т.Әс. * Ал американдық триллер, ұлы үндіс өркениетін жойып, соның сүйегінің үстіне өз өркениетін орнатқан ақ нәсілдің көңіл түкпірінде қалған өкініш пен ұяттан тамыр тартады. Т.Әсем.