Posted in

КӨҢІЛ ҚҰШЫ

Адамның ниеті, ынта-ықыласы, жүрек қалауы. ~ Мысалы, Құтыпта: Көңіл қушы бу ғашық отында учар, Хайалы ол Шырын Хусрауыны қучар. деп, көңіл құшы туралы айтылса, Абайда: Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа, Адам ойы түрленіп ауған шақта деген сияқты көңіл құсы түрінде мағыналық тұлғалық жағынан дәлме дәл келіп, Құтыпта да, Абайда да бұл фраза «өткір қиял» деген мағынада айтылып отыр. М.Саб. ~ Жастық шақ әттең қайдан өтіп кетті, Кәрілік келгеннен соң, амалым
жоқ. Жақсылар, өлең айтпақ көңіл құшы, Бақ тайса, қашқақтайды ердің досы. БС. ~ Туралықтың болуы дүние ісі, Ондайды жақтырған ғой әрбір кісі, Бұл дүниеде салтанат құрса әділет, Көтерілмек адамзат көңіл құшы. О.Хаям.