Posted in

ЛЫПА ЖОҚ

Түгі жоқ; тыр жалаңаш дерлік. ~ Қойшы да тұтқыштай қара, жарғақтай ысқаяқ, кір тон, дамбалдан басқа лыпа жоқ. Күп-күрең қара қайыс арқасы күнге шағылысып, желінді шеңгелдей ұстап, анда-санда құлаштап бір қойып қалады. Ж.Айм. * Шоқан көл жиегіне келгенде қараса, қаптап кеткен адам және кілең әр жастағы еркектер, әйел көрінбейді, бәрінің де киімдері жыртық-жамаулар, бері де жалаң аяқтар, көбінің басында лыпа жоқ… С.Мұқ. * Бір жаппаның алдында тақыр жерде қол-аяғы шидей жас сәби манадан бақырып жылап отыр. Үстінде ит көйлектен өзге лыпа жоқ. Б.Соқ. * Екіншіден, үстімде тоқыған жүн шалбар, жүн шекпеннен басқа лыпа жоқ. Соғыс біткен жылғы керемет таршылықты кім ұмытты дейсің. Т.Әбд.