Көз ілеспестей шапшаң қимылдады. ~ Сасқалақтап қалды. Санжар бозбала тұсына іздеу салып, лып етіп жетіп келген тілмаш қыздың соңынан ілесті. Д.Дос. * Ойлап-ойлап кешегі Протокол хатшысының езуіне лып етіп шыға қалған арам күлкінің астарлы сырын жаңа тапты. Д.Дос. * Нәті жуас ат, көзі ойнақшып тырп етпей тұрып қалды. Аттың омырауы астынан екінші қапталына лып етіп өтіп, үстіндегі кісіні итеріп жіберді. М.Әбдіх. * Сәлден соң Бектас орнынан жылдам көтеріліп, бетін Айжанға көрсетпестен, лып етіп бөлмеден шығып кетті. С.Дос.
