Жас баланың сүйкімді де бейкүнә кейіп-қалпын бейнелейтін тіркес. (Баладан басқаға қатысты да айтылады). ~ Басына жамылған жаулығы обырап мұның да бетін бүркеп көрсетпейтін секілді. Әйелдің маңында тойған қозыдай томпиып, таңғы ұйқыға маужырап жатқан жас балалар, анау-мынау дауысқа елең етіп оянар емес. Б.Майл. ~ Мен сондай қуанып кеттім: — Нұреке, сіз не айтасыз, сол болады, — дедім. Сол күні қара атты ерсілі-қарсылы желдіріп терлетіп, ерігіп тұрған желігін басып алып келіп доғардық. Баяғы тойған қозыдай томпиып тұрған керше ернін дірілдете ішінен оқыранып серігін қарсы алды. С.Бег. ~ Балпан бай тырс етпеді. Бірақ ішінен жаман Можан бұнша неге тымсыраяды деп аласұрып отыр; не де болса үйіне барсаң шұлғауын мойнына іліп жүретін Можанның тойған қозыдай томпиып отыруында бір гәп бар. Ә.Кек.
