Posted in

ҒАЖАП ЕМЕС

Әбден мүмкін; шүбә келтіруге болмас д.м. ~ Бірақ орыс сөзінің кестесі, сұлулығы қазақшаға аударғанда өзіндей болып шыға бермейді. Олай шығару үшін тілге аса байлық, өзгеше қуат керек. Сондықтан бұл аудармамыздың көп жері құлақ тосаңсырлық, жат болып шықса ғажап емес. Ж.Айм. ~ Әлде пәле, әлде қазаға ұшырау Ғажап емес, …бірақ өлім бір сұрау. Түбінде бір өлу анық болған соң, Не үшін өлдің, біліп өлген жақсылау. Ж.Айм. ~ Баласының мінезін білмесе, ондай ерікті бермес те еді. Мінезі аян: қисайған жағынан түзелмейді, дегенін істемей тынбайды, ерегіссе, – «аттарды да, Абаны да, өзін де жарам» деген сертіне жетуі ғажап емес. С.Мұқ.