Posted in

ҒАЗИЗ ЖАН

Асыл, ардақты адам. * Қаске қайнымның түнеугі бір сөзі есіме түсе береді… Сен болып сөйлеп «дүниеге ғазиз жандар келдік алып» дегені бар еді-ау… Ғ.Сл. * Мейлі, көрмесе көрмесін, тек сол ғазиз жанмен бірге тыныстап, қатар отырса болды… Ш.Айт. * Алтын басы қара жерге кіргенше, сонау Шарабхана жағасында жазықсыз төгілген қанды, күнәсіз бауыздалған қос боздағының кегін Бабасұлтанға кешпейді! Ғазиз жандардың кегін қайтарады! І.Ес. * Рас, ол өз жөнімен жүрген жан болатын. Сендердің түнгі көбелектеріңе бұрылып та қарамаған, бірақ, бағдаршамның жанып өшкен жарығына алданып, ғазиз жанын қиды. Д.Қуат.