Намысына тиерлік сөз айтты, өсек таратты, даттады, сыртынан қорлады. * Қазір біздің Егемен Елімізде жеке кісілердің бір-біріне қысас жасауына, әлдекімдердің жалпы жұрттың үстінен ғайбат айтуына ешқандай жол жоқ. Демократия және плюрализм. Солай, азамат Ян-заде-пуло! М.Мағ. * Кісі бетіне қарап қатты сөйлеуді білмейтін, кісілер сыртынан ғайбат айтудан тыйымдалған, тышқан мұрнын қанатуды күнә есептейтін … Ғ.Біл. * Оқымай-білмей тұрып ғайбат айтып қайтеміз! – Күрк-күрк жөтелген қарлығыңқы дауыс ара түсіп жатыр. Т.Сәу.
