Posted in

ҒАЙЫПТАН ПАЙДА БОЛДЫ

Оқыстан, жоқ жерден пайда болды. * Д у а н а. Бұл хұжыраға жасырынып келуге одан басқа жол жоқ және ол жолды менен басқа білетін адам жоқ. Бергі қабырғада белгі жоқ. Есігі арғы ішінен бекіледі. Ш о қ а н. Ғайыптан пайда болатыныңыз содан екен ғой?.. С.Мұқ. * Ол Кенжеғұлға түксие қарап, үнсiз қол бұлғады. Лезде ақ кептерге айналып көкке өрлей бердi. Сол шақта ғайыптан пайда болған Есет Кенжеғұлға жақын кеп жұдырығын көрсеттi. Оның қолындағы кездiктi жұлып алды. Р.Райым. * Жүзіңді бір көрсем…» – іштей айналып–толғанған Сауытбайдың баласына деген ғайыптан пайда болған әкелік махабатты жан дүниесін тегіс шарпыды. Т.Әбд. * … оң жақ қабырғада елеңсіз тұрған бөлме реңдес сұрғылт перде астынан тырс етіп есік ашылғандай болды да, сумаң беріп бір шерік шыға келді. Ғайыптан пайда болғандай. Ж.Ахм.