Posted in

ҒАРЫП (ҒАРІП) БОЛДЫ (ҚЫЛДЫ)

Бақытсыздыққа ұшырады; бейшара болды. * Қадалып екі көзі баласына, Басымен құр ымдайды, үндемейді. Осындай Дубровский болған ғарып, Сұраса, айта алмайды сөз қайтарып. Шәк. * Көш ұзамай жатып, қас қағымда ғарып болып, соғыстан оралған күйеуін көргенде, Қазине шалқасынан түсе жаздап, есеңгіреп кетті. Т.Рыс. * … күндердің күнінде «Сондай шын ғаріп болып баласыз жүрген отбасына бала туып беріп Мақсұт келгенше бір баспана жасап алсам ба екен?», – деген ой да түсті. С. Досж. * Кезнде өз туыстарымен өзі соттасып, арашалап қалған Нұрбике еді, қазіргі оның ғаріп боп жатқаны анау. Қ.Ысқ. * Сол қасқыр, бәйтерек пен наһан балық Тағдырдың ғаріп болған махұлиқаты. БС. “Кезбе шал”. * … артқы лек алдыңғыларын тықсыра кимелеп, түпсіз тұңғиыққа ғарық қып жұтқызып жіберері хақ. Ғ.Біл. * Ойбай, қозғалма, – деді өзбек журналист. – Сенің кимылыңмен ауа қозғалады да, снарядты соғады. Содан соң бәріміз бірдей ғаріп боламыз. Ә.Нұрш.