Posted in

ҒАШЫҚТЫҚ СӨЗ

Махаббат, құштарлық, сүйіспеншілігін білдіретін сөз. ~ От жалындай жауапкер құрбыменен. Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе, «Дем алысым құмарым, бір сен» десе, Жанын құрбан жолына қылған жансып, Көз қарауы құбылар әлденеше. Абай. * Алексей Ботагөзге ғашықтық сөздерін айтты. Бұл арбау сөздердің артында не барын білген Ботагөз, Алексей ғашықтық сөздер айтып келе жатқанда, қайткенде оны алдап құтылудың айласын іздеді. С.Мұқ.