Сүйгеніне жүрек сырын паш ететін, көбінесе өлеңмен жазылатын сәлем хат. * Кешкі ауыз ашарға дейін мәре-сәре болған қыздар Ұрқиядан серінің өлеңдері сақтаулы сандығын суырып алып, кешке дейін өлеңдерін көшіріп, бұрын қыздарға жазған ғашықтық хаттарын дауыстап оқып отырған. С.Жүн. ~ Ақыры тәуекелге бел буды. Басына «Ғашықтық хат» деп тақырып қойып, астын бір сызып, өзінің осы ауылдағы бір М. деген ажары жаққан шамдай сұлу қызды сүйетінін жазды. Ш.Айт. ~ Көз алдына бұның хатын оқып отырған Мырзагүлді, оқып шығып бұл туралы не ойлайтынын елестеткісі келді. Сөйтсе, шіркін, ғашықтық хатын жазудан артық қиын нәрсе жоқ екен ғой! Жазған хатың айтқың келген дүниеден атымен басқа бірдеңе болып шығады. Ш.Айт.
