Жүректі күйіп-жандырған махаббат жалыны, шынайы ынтызарлық. * Қайысты көріп отырсам, Оқымай- ақ сабақты. Ғашықтық оты алдыма Жасымнан тартты табақты. Шәк. * Ғашықтық оты жүректі Қайнатады қазандай. “Қыз Жібек”. * Мен өзімді – өзім алдап жүр екенмін. Көкірегімдегі ғашықтық отын сөндіре алмаған екенмін. Н.Сер. * Екінші жағынан; терең жасырынған хайуани нәпсі сезімнің әдемі адами көрінісі – ғашықтық оты да лау ете түскен. С.Елу. * Ғашықтық оты дегенді сезсем де, анық білмеген, көзбен көрмеген бимағлұм құпия сыр сияқты талып естілген үні, не бір ертегіде айтатын таңғажайып жұмбақ дүниедей ғана бұлдыр елесі ғана тұла бойымды шарпығандай болушы еді. С.Жүн. * Мұхаңның есінде қалдырып жүрген де сол «талайсыз, бақсыз» Кəмеш, Кəмештің Мұхтар көкірегінде мəңгілік маздап тұрған «ғашық оты» ғой. З.Қаб.
