Өмірі қысқа болды, ерте қиылды. ~ Кездесулеріміздің ғұмыры келте болса да, мен сендердің әрқайсыңды шынайы сыйладым, Құдайдай құрмет тұттым. Ә.Асқ.. * Бұл да – өтірік айту. Яғни шындықтан қашу. ─Ғұмыры қысқа болса, онда оның шындық болмағаны. Шындық ешқашанда өлуге тиісті емес. Т.Әбд. * «Бәрі де адам үшін, бәрі де адамның игілігі үшін!» Ха-ха. Қандай күлкілі! Неткен мазақ! Масайраған арсыз жазуды көрген сайын тісің шықырлайды. Әйтсе де мұнтаздай тазалықтың ғұмыры қысқа – екі-үш күн өтпей әппақ дуалдың беті шимайға толып шыға келеді. Т.Сәу.
