Біреудің көңілін аулады, сескене қарады, жалпаң қақты. ~ Жасынан жетімдігіне қоса мешел болып, әркімнің қасы мен қабағына жаутаңдап өскен Тұрсынның мінезі де жуас. С.Жүн. ~ … ортаңғы екі жолда сүйгенінің қабағына жаутаңдап қарай берген ғашық жігіттің көңіл күйі берілген. Р.Нияз. ~ Қарасаймен қазір сөзге келіп қалса, енді бір айналғанша соның бәрін ұмытып, қашан ерінің көңілін тапқанша бәйек болып, соның қасы мен қабағына қарап жүргені. С.Жүн.
