ҚАБАҒЫНА ҚЫРАУ ТҮСТІ (ҚАТТЫ) Жүзінен реніш байқалды, көңілі жабырқады. ~ Көйлегім бар,- деді әйелі (қабағына мұң қонды), – Бір бешпетпен жүрсің өзің, міне, қанша жыл болды… М.Шах. ~ Қабарған қабағына мұң ұялап, сөлмiрейген сөлсiз жүзiнен қайғы құшып құсаланып жатқаны сезiледi. — Бір жерiңiз ауырып жатыр ма? Р.Дум.
