ҚАБАҒЫНА ҚАР ҚАТТЫ (БАЙЛАДЫ) Қаһарланды. ~ Мына бір мықшиып жатқан қаралтқымы — қол арбаны ерттеп мінген Сардар аға! Қатып-семіп, қабағына қар қатып, тапжылмастан отыр. М.Қаб. ~ Алдарына келген асқа селқос қол созысып, түскі тамақтарын ішіп отыр. Бәрі
жабығыңқы. Екі ұл мен отағасы мұнда келгелі қабағына қар байлап, жадырауды ұмытқан Светаға жәутеңдей қарасады.
А.Нүс.
