1Ашуы қайтпады, көңілі жібімеді. ~ Әлпештің шешесін кергенмін. Балалардың үйін аралап жүріп барып едім. Екі қалың қасының ортасына терең қос сызат түскен, жүзі ашулы қараторы әйел екен. Көп сөйлемеді, қабағын ашпады. Н.Сер. ~ Ұйықтасақ та тойсақ-ақ болар еді,— дейді Құрамыс. Жігіттердің бәрі де көңілді. Тек Сматай қолынан тұтқынға түсіп, кеше біз босатып алған Шоман ғана қабағын ашпайды. Б.Қыд. ~ Сары Шая қабағын ашпай отырған қара кемпірдің бір тізесін ала жайғасты да, қойнынан кіп-кішкентай жалтырақ қорапша шығарды. Ә.Нұрп.
- Ауа райы бұлтты, тұнжыр қалпынан өзгермеді. ~ Биылғы күз қабағын ашпай, желке жалы күдірейіп, сұрланған күйімен өтетін шығар. Ж.Аяз. ~ Күздiң дымды күнi сүлкиген қабағын ашпай түнерiп тұр. Дәуренi таусылған сары жапырақтар аяқтың астында шашыла сапырылысады. Ә.Ыб.
