Posted in

ҚАБАҒЫН ЖАЗБАДЫ

Ашулы, ренішті қалпынан айнымады. ~ «Томпақ ауыз» дейтініміз — аузы томпақтау, ерні қалың, мұртты кісі еді, өзі өлердей ашуланшақ, қабағын жазбай, томпақ аузы үнемі бұлтияды да жүреді. С. Мұқ. ~ …әйелінің сұрағына қысқа- қысқа жауап беріп, қабағын жазбаған күйі отыра берді. Қ.Жұм. ~ Қадиша түксиген қабағын жазбастан, үмітсізденген пішінмен ақырын: — Сағат сайын төмендеп барады, білмеймін: жазыла ма, жоқ па?. М.Әу.