Posted in

ҚАБАҒЫН КІРБІҢ ШАЛДЫ

Әлдебір себеппен мұңая қалды, ұнжырғасы түсті. ~ Бай аға кітапшаға үңілді. Әлден уақытта сояудай тырнақтарымен шекесін қасыды. Кітапшаның бетіне біреу әдепсіз суреттер салып қойғаннан жаман қабағын кірбің шалды. М.Қаб. ~ “Адам аяуға лайық” деп Құранда айтылғандай, жас бола алмай, қарт болғысы келмей, іштей шала бүлініп, қабақтарын кірбің шалған, қайрансыз қатарластарымды көргенде, кейде жаным ашитыны да рас. Қ.Баян. ~ Қамқа әжеңнің сол кескіні көз алдымнан кетпей қойды. Сенің қабағыңды кішкене кірбің шалса әжеңнің сол бір мұңайған түрі көз алдыма келе қояды. Т.Ахт.