Жақтырмады; ұнатпаған кейіп танытты; қабағын түйді..
~ Балуан әлдебір жағымсыз оқиғаны есіне түсіргендей, қабағын кіржитіп, жөтелін де көбейтіңкіреп жіберді. О.Сәрс. ~ Өлмес қабағын кіржитіп, біреуден зәбір көрген адамның түрімен: — Бұл өзі…— деп даусын жіп–жіңішке қылып, ойланып, жан–жағына қарап алды да:— Шынын айту керек, — деді. Т.Әбд. ~ Е, оны менен несіне сұрайсың. Істеген Сүйінғара. Маған келмей бірден соған барыпсың. Екеуің шеше беріңдер, – деп аяқастынан өкпелеген адам болып шықты. Қабағын кіржитіп, үнсіз қалды. М.Әбд. ~ Көзі әйнектеніп тұратын дәрігер жігіт қабағын кіржитті. Ж.Шам. ~ Қолымнан келсе… Мақұл, мақұл… Көрейін,— деді ол қабағын кіржите. М.Сүн.
