Posted in

ҚАБАҒЫН (ҚАБАҚ) ШЫТТЫ

ҚАБАҒЫН ШЫТТЫ Ашу шақырды, ренішін байқатты, кейіді. * – Жоқ, әуре болмай-ақ қойыңыз, – деп Ботпай қабағын шытып, теріс айналды. О.Сәрс. * Қазір өзі очеркке лайық материал жоқ,– деп қабағын шытты. Ә.Нұрш. * Швейцарға бұл сұрақ ұнамай қалды. – Қабылдамайтын болған соң, бәрі бір емес пе?! – деді қабағын шытып. Т.Әбд.

ҚАБАҚ ШЫТТЫ

Ашуын, наразылығын қабағымен білдірді, жақтырмаған сыңай танытты. ~ Қасындағы қыздарына қабақ шытып, қыңқыл етіп, даусы сыңқыл-сұңқыл етіп: — Көзім тартып тұрғаны несі?— деп бір бұраңдап қойған ед. Ж.Айм. ~ Тораңғыл қасқа көп тулапты. Неше қылқынып, неше құлапты. Ақырында мәңгіріп тұрып қалады. Ақтанау жалын сипаған екен – қабақ шытпапты. Т.Әс. ~ … келбетті келген саналы жүзі түнеріп, шалбарланып, қабақ шытып біраз ой сабылтып тұрды Пахраддин. С.Елу.