Posted in

ҚАБАҒЫН (ҚАБАҚ) БАҚТЫ

Көңілін аулады; имене қарады. Көңіл райын аңдыды. ~ Ахмет қызбаланғанына ыңғайсызданып, үндемеді. Оның қабағын баққан Караман тіс жармай тұқшыңдап, оны-мұнымен айналысып кетті. Б.Ыб. ~ Болмайды! – деп шорт кеседі де, Данаш
қожасының қабағын бағады. Онысы – дәу де болса, түртпек сенен басталып жүр-ау дегендегісі. Ө.Кәр. * … көңіліне кірбең ілінбесін деп кемпір-шал екеуі бірдей қоғадай жапырылып, құрақ ұшты. Кәмиләның қабағын бағып, бәйек болды. Ғ.Біл. * Емберген жымиғанына мәз боп қоттиып отыр. Рәш керісінше қылмыңдайды. Ноғайқұл әлде бірдеңеден шамданып қала ма деп қабағын бағады. Олар мардымды әңгіме айтпай, ұзақ отырды. Т.Әл. * Шалдың томпақтау біткен қой көзінде күйініш ізі, аспанға жиі қарайды. Төбесінде жарысып қалмай келе жатқан ала бұлттың қабағын баққандай. З.Шүк. * Күйеуінің қабағын бағып тіршілік қылған әйел-ару. Келіншегі жұбайының сырын айтқызбай білетін ару боп шығыпты. Д.Досж. ~ Ат – көлік амандығын сұрасып, есендік- саулық білісіп, ел мен жер жағдайы, қоныс пен құдық туралы сөйлесіп, қарабайыр әңгімеге көшкен кәнігі кәрілер бір- бірінен сыр аңдыды. Қабақ бақты. Т.Әл. ~ Осындай аз тыныштықтан соң, келгендерге қымыз жеткізілді. Қоңырқай ағаш тегенені дастарқан шетіне қойған бие сауғыш шал – Қалимолда қабақ бақты ма, тері шалбарын қаудырлатып ілінбей шығып жөнелді… Ж.Ахм.