Posted in

ҚАБАҒЫН ҚАРС (ҚАРЫС) ТҮЙДІ (ЖАПТЫ)

ҚАБАҒЫН ҚАРС (ҚАРЫС) ТҮЙДІ (ЖАПТЫ) Ашу шақырды; кейіді; көңілі түсіп кетті. * Балам, сен әуре болма, – деп қабағын қарс түйіп алды. – Мен Әжімбетке бармаймын. Одан да… Қалқан құлақ баланың аузы шапшаң екен: – Неге бармайсыз? – деп, таң-тамаша болды. О.Сәрс. * Қалай болғанда да əйтеуір бұл қабағын қарс жауып, өз- өзінен түйіледі, жауар күндей түнереді. З.Қаб. * «Бұл сенің айқайлайтын емес үйің!» Деп дікеңдеп, қабағын қарыс жауып, Аузынан сөйлегенде соқты құйын. С.Мұқ. ~ Нұртай тергеушінің түр-тұлғасын ұрлана барлап алды да, «түсің суық екен, жөпшенділікпен уысыма түсе қоймассың» дегендей, қабағын қарс жауып түнере қалды. С.Омар. ~ Сонда «ұлт», «ел» деген арманыңыздың бәрі де жалған болғаны ма?—деді Әкпар қабағын қарыс жауып. І.Ес.