Ұнатпаған пішін көрсетті. ~ Қанатай тістенген күйі теріс қарап отыр. Жанына батса да сыр берер емес. Қабағы кіржиіп, көзі
жасаурай түседі де, маған қарап сыр бергісі келмей жымия күледі. С.Мұр. ~ Сұржекей бұл кезде ақ фарфор кружканы
басына бір-ақ төңкеріп тастап, екі бүктетіліп жиырылып, үні шықпай, қабағы кіржиіп қолына іліккен бармақ басындай
танауын басын жан шақырып жатқан еді. С.Ел. ~ Пышан қабағы кіржиіп, әлдеқандай тұла бойын мұң жайлағандай, қымыз
ұрттап қана үнсіз отыр. Б.Тоғ. ~ Қанша де- генмен, мұның да әртіс аты бар. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі
атағынан үмітті. Жарақатын ауырсынып, қабағы кіржиіп, келген қонағын көңілсіз қарсы алды. Ө.Кәр.
