Көңілі пәс, жүзінен уайым табы байқалады. ~ Сүлдесiн сүйреткен қалпы жұмысқа келдi. Бастығының да қабағы салыңқы екен. Ә.Ыб. ~ Енді үшеуі де үнсіз еді. Көкбай болса ашулы, Күлшараның да қабағы салыңқы, Бөкенге көзінің астымен ғана қарап қояды… С.Мұр. ~ Жеңінің ұшы қырқылған түйе жүн кҿне шидемінің етегімен қос тізесін қымтай түсіп, отқа таяу отырған Исалының қабағы салыңқы. М.Айым. ~ Гүлзина ақ қағаздай бозарып кетіпті, қабағы салыңқы. Ә.Асқ.~ Сол, көзiн ашып көрген, аузын ашып сүйген үш қарғасы оқуға түсе алмай, солардың татасы жанын жегiдей жеді. Енесi Пәрзананың да қабағы салыңқы. Күннен-күнге «құдай-айы» көбейiп барады. Ә.Ыб.
- Сұрықсыз, жүдеу. ~ Сұр-әлпетi қашқан сүркей күн мимырт жылжуда. Шуағын шашқан жаз да ылдым-жылдым өте шықты. Қабағы салыңқы күз келдi. Ә.Ыб. ~ Үйге кірген соң қабағы салыңқы апам екеумізді де біраз қуырып алды. С.Мұр. ~ Иықтары төмен түскен, қабағы салыңқы адамдарға жаным ашыды. Б.Тоғ.
