Posted in

ҚАБАҒЫ ТАСТАЙ ТҮЙІЛДІ

Қатты ызаланды, ашуға мінді. ~ Тегі бұл күйді тек домбырашы ғана емес, қабағы тастай түйілген сонау қалың топ әрқайсысы өз жүрегімен ойнап тұрған болуға тиісті. Ә.Сәр. ~ Сүгір жаңағы Айша жауабынан кейін, қабатын қасқырдай тісі ақсия, қабағы тастай түйіле кеп: — Бар жауабың осы ма, жоқ жөнге көшемісің? — деді. М.Әу. ~ Қарашықтары әдеттегісіндей
ұшқын атып селт етер емес. Қабағы тастай түйілген. Оң қолында садағы. І.Ес. ~ Саймандарын сайланып, Әбден алды түйініп. Лашын құстай құйылып, Қабағы тастай түйіліп. “Алпамыс б.”

ҚАБАҒЫ ТҮЙІЛДІ

Ойланып қалды, жүзінен реніш байқалды. ~ Әлкеннің қабағы түйіліп кеткенін көрген шопыр жігіт не айтарын білмей тұтыға
бастайды. Ырыстының қатарынан төрт рет егіз көтергенін бұл да білетін. Ж.Сүл.