Жабырқады, мұңайды, тұнжырады. ~ Менің әкем Отсбаок сайыпқыран күшті жауынгер адам еді, әлі есімде, әлгі күшікті көргенде оның қабағы түнеріп, жүзі күреңітіп шыға келген. Дж.Лон. ~ Өмірәлі күнде таңертең балапанды қолына алып қанатын сипап, еркелетіп отырып тамақтандыратын. Сол әдетімен оған жақындай бергенде, күндегідей емес қабағы түнере ызғарлана қарайды. Т.Мәм. ~ Мұқанның қуана, құлшына кіріскен қызметінен қабағы түнеріп, қапаланып оралуы жиіледі. Өзі де көп сөзге жоқ адам, мүлде тұйықталып алды. Ш.Бей.
