Көңілденді, ашуы тарқады. ~ Аналық байғұстың қабағы ашылып, ақша бетіне қан жүгіріп, бойын түзеді. А.Сей. ~ Хан ордасы толы адам екен. Жиренше келгенде әдеттегідей Әз-Жәнібектің қабағы ашылып жүріп берді. Б.Қыд. ~ Содан да Тевкелевтің соңғы күндері қарс жабылып алған қабағы ашылайын деді. Ә.Кек. ~ Ел беті күреңітіп, ер қабағы қатуланып,
бала- шаға жасқаншақтап қалғанда аяқ астынан жұрт жадырап, қабақ ашылып, көңілді күйге көшкен қан жайлау әзіл-қалжыңнан, күлкі – қылжақтан тұнып тұр. С.Смат.
