Posted in

ҚАБАҒЫ ҚАТУЛЫ (ҚАТУ)

Ашулы, ренішті. ~ Еріп келген мемлекет қайраткерлерінің бәрінің де қабағы қатулы. Т.Жұрт. ~ Бұл көкең ылдидан тырмысып келіп үлкен кісіге қол ұсынып сәлем береді. Ақсақалдың қабағы қатулы. Д.Дос. ~ Төңірек тым-тырыс. Бұйығы тыныштыққа бөгіп, күзем шағырмағына масайраған тау қабағы ашыңқы. Ө.Кәр.

ҚАБАҒЫ ҚАТЫҢҚЫ

Жүзі салқын, тұла бойын ашу-ыза кернеген. ~ Ашынған адамның сөзінің жаны бар. Әйтсе де әдейі қабағымды бермей
отырмын. С.Жүн. ~ Бұған керісінше, жанындағы Жәмештің қабағы қатыңқы – жайшылықта күреңітіп, тотығып тұратын өңі қазір тіптен түнере, түтіге түскен. Д.Әш. ~ Осыдан бір ай бұрын соңғы рет кездескен. Үнемі күліп жайдары қарсы алатын жігіттің бұл жолы қабағы қатыңқы көрінді. О.Көш. ~ Хопкинстің қабағы қатыңқы еді: креслоға жабырқау кейіпте тізе бүкті. А.К.Дойл.