Posted in

ҚАБАҚҚА ҚАРАЙ АЛБАСТЫ (АЛБАСТЫ ҚАБАҚҚА ҚАРАЙ БАСЫНАДЫ)

Не нәрсе де адамның ниетіне, көңіліне, рухына орай болады д.м. ~ Тоқайлар осыдан пайдаланып «қабаққа қарай албасты» болып, әбден дәнігіп алған. Шахтаны аралағанда өзіне қарайтын жұмыскерлерді боқтап, не теуіп, түртіп жүреді. І.Жанс. ~ Бұған дейін Ресей шенділері Москвада тұрып абар шексе, енді Елордасыздың төрінде отырып алып құқай көрсетуді бастады. Албасты қабаққа қарай басынады деген осы ғой. БАҚ. ~ Ей, Сүйіндік, албасты да қабаққа қарай басатын. Қыры жоқ, қасиеті жоқ басшы болса, ыбылыс, жын иектемей нетеді. Адал десек, аман десек, жан берейік, ақтайық, ақыретте айыбын өз мойынымызға алайық. М.Әу.