Posted in

ҚАБАҚ ТАНЫТТЫ

ҚАБАҚ ТАНЫТТЫ Мінез көрсетті. * Дәрмен ісі тұсында Абай, әрине, не күрсінген, күйінген қабақ танытқан жоқ-ты. М.Әу. * Бөкен де бұл төңіректі түгел жаттап алған. Маусымына қарай әр өрістің әрқалай қабақ танытатынын да жақсы біледі. Д.Әш. * Ол Зәрипаны ойлап зарықты. Күнбе-күнгі күйбің әңгімеден аса алмаса да, Зәрипа оған ешқашан қабақ танытпаса да, Едіге оны күндіз- түні ойлайтын дертке шалынды. Ш.Айт.