Posted in

ҚАБАҚ ТАНЫҒЫШ (ТАНЫР)

Біреудің ішкі ойын, ниетін айтпай білетін адам. ~ Көкбай әдеттегі ауызбаққыш, қабақ танығыш қалпымен Абайдың жаңағы сөзін көтерген кісі болды. Шыдаған болып, сыр білдірмей, үндемей тыңдады. М.Әу. ~ Қабақ танығыш, салмақты мінезі бар Самарбай үй ішіне айтқан боп Мағаштың қазір зор абырой тапқанын, халыққа жағып, өзгеше алғыс алып жатқанын айтады. М.Әу. * Қабақ танығыш, сезiмтал Ызғұтты осы кезде көшiрге қарай сырғи берiп, Құнанбай мен Ұлжанды соңғы айтысар сөздерiне бетпе-бет, оңашарақ қалдырды. М.Әу. ~ Айтуаров – сезiк, түйсiгi өте жетiлген, қабақ танығыш сұңғыла адам. Т.Сәу. ~ Неге дүр ауылға, өз туған үйіне, ондағы ең қабақ таныр жақын адамы Қанікенің алдына жеткісі келді. Ж.Ахм.