Posted in

ҚАБАҚ ҚАҒЫСТЫ

ҚАБАҚ ҚАҒЫСТЫ Бір-бірімен ымдасты. ~ Орынбасар. Кәне, тағы бір байқайықшы. (Екеуі көз қысысып, қабақ қағысып ойнап тұрады. Сыртта даурыққан дауыстар естіледі.) Ғ.Мұст. ~ Оның байқауынша, Лиданың екі көзі залдағы адамдарда болды. Тіпті көрінген біреулермен қабақ қағысып отырғанға ұқсады. Б.Бұл. ~ «Жақсыда жаттық жоқ» дегендей екеуі тезден әңгімеге кірісті. Неге екені белгісіз, үлкен ортақтықпен түсінісе қабақ қағысты. Н.Абдыр.