Posted in

ҚАБЫРҒАМЕН (ҚАБЫРҒАСЫМЕН) КЕҢЕСТІ

Ойланып, толғанды, ақылдасты, ой қорытты, әлдебір шешім қабылдамастан бұрын мәселені жақын жандарымен талқыға салды. * Қой енді, балалық қылма! Сырғытқаның жетті ғой. Бүгін қабырғаңа кеңес те, бір жауабын бер! – деп жеңгесі кеткен. Ж.Айм. * Әйтеуір өзінің құдай сүйер қылығы қайсы, жібермеген. Бірақ қыс бойғы қызының көз жасын, сынық көңілін көріп іштей опынды; қабырғасымен кеңесті. Д.Дос. ~ Ханға Қожа не десін, Қабырғасымен кеңесіп, Былай депті: – Хан ием, Өзіңсің ғой жан ием. Есек деген жануар, Оны үйретудің не мәні бар? А.Ас.