Posted in

ҚАБЫРҒАСЫН КӨТЕРДІ

ҚАБЫРҒАСЫН КӨТЕРДІ Үй тұрғызды, құрылыс бастады, әлдебір істі тындырып тастады. ~ Ал мен болсам, қысқа күнде қырық жерге қондым дегендей соңғы он бес жылда үш-төрт рет үй қабырғасын көтеріппін. С.Шайм. ~ Әлгінде жұмыстан шаршап шыққан басындағы бір уыс миын енді сәл тұрса мынау қаршылдасқан көк темірлер ұнтап езіп анау қабырғасын көтеріп жатқан үй балшығына қосып өріп жіберердей. С.Елу. ~ Мектеп қабырғасын көтеретін кірпішті қайдан алмақсың? – дегенде Иса күмілжіп, шешімі қиын сұрақтың жауабын таппай қиналып, әлі ойланбағанын аңғартты. А.Жақс.