Posted in

ҚАБЫРҒАСЫН СӨКТІ

ҚАБЫРҒАСЫН СӨКТІ Аяусыз соққыға жықты, быт-шытын шығарды. ~ Міне, бүгінгі жаңа серпіліс, тілдегі демократиялық үрдіс осы
бір санамызда қалыптасқан қасан дәстүрдің қабырғасын сөгіп отыр. Ә.Қайд. ~ Қара сия, ақ қағаз, Дестірге
өнер төктірдің! Бұ кеткеннен қайтпасаң, Ел, әйелің, сәбиің, Көзінің жасын төктірдің, Қабырғасын сөктірдің! Шалкиіз ж. ~ Айша күлді. Бетін отқа шарпыта үзіп-үзіп сөйледі: — Алшағырдан қайта қасқыр қорықсын. Қолға алған ісінің қабырғасын сөгіп жібереді. Әттең, сол ісі кейде бұрыс, кейде дұрыс… Ал сіз, Елеке, пешке жақындап, отқа алақан қақтаңыз. Ұшып кетіпсіз, байқайым. М.Қаб.