Posted in

ҚАБЫРҒАСЫ ҚАТПАҒАН

Тым жас. ~ Жұмыс ауыр. Қабырғасы қатпаған бесінші, алтыншы класс оқушылары екі–үшеуі бірігіп, бір қапты әзер сүйретеді. АҚ “Өткен өмір…” ~ Мамасы: “Алла, алла, не жаздық, не болды, құлыным?”— деп құлдық ұрып, құрақ ұшады, жарасына иод жағып, ақ дәкемен байлап береді. Ең тамашасы: “И-ии, біздің шал да қабырғасы қатпаған жас баланы батпаққа салып… Бар, ойнай ғой, тек алысып-жұлысамын деп дәкені орнынан қозғап алма”,— дейтіні мында тұр. М.Қаб. ~ “Біз дені-қарнымыз сау ғой, сен болсаң әлсізсің, қой енді, таласпа, жүрелік, жол алыс”, деп екеулеп кетіп еді. Түйе әлі қабырғасы қатпаған жас мал еді, сондықтан жолаушылардың екеуі жаяу келе жатқан. Ш.Айт.