ҚАБЫРҒАСЫ ҚИСАЙДЫ Бағы тайды, қиындыққа тап болды. ~ Рас, қазіргі көзқарас тұрғысынан байыптап байқасақ, «Жұмыскер тілінің» күрмелген, «Ленин жолының» бұрмаланған, «Социалды құрылыстың» қабырғасы қисайған кездері болған- ды… З.Қаб. ~ Оқыс жағдай орын алмас үшін алдын ала тиісті шараларды баяғыдан қолға алу керек еді.Ол үшін қаншама ата-ананың көз жасы төгілді. Бүкіл халықтың қабырғасы қисайды. А.Нұрж.
