Posted in

ҚАДІР ТҮНІ

Қадір түні (діни) – ораза айының соңғы түндерінде келетін қасиетті түн. ~ Сонда үш жетімін ұйықтату үшін, Айша неше алуан ертегі, қиссаларды айтады. Біз үшін бұл бір қадір түндері – Алланың ақ нұры жауған түндер. Ш.Мұрт. ~ Қалай болғанда да бүгінгі кештің қадір түні секілді сауапшафхаты барын ағалы- інілі екеуі де сезеді. З.Қаб. ~ Раббымыз Қадір түнінің қадірін біліп, бұл түнді дұрыс бағалап, өмірін Қадір түніндей өткізіп, ақыретін де мерекедей өткізуді нәсіп етсін. БАҚ.