Ерекше сыйлады, тағзым етті, пір санады. ~ Қазақ халқы үкіні ежелден қадір тұтады. Оның қараңғыда көру ерекшелігін ескеріп, түндегі сергектігі мен алға қойған бет алысына қарап, сондай ерекшеліктерін бағалай отырып құрмет тұтқан болар. Ж.Баб. ~ Үлкені – Сатқан ақылды, сыйлы, сақи адам екен. Ел-жұрты «Сатекем» деп қадір тұтады. Ү.Жәл. ~ Жай шаруаң былай тұрсын, Асамбайды «ел жақсыларының» қайсысы болсын қадыр тұтады, дәулетті үйлер Асамбайды төреден жаман күтеді. Б.Май.
