Керегі жоқ, пайдасы күмәнді. ~ Аспаны да шетсіз-шексіз секілденді. Қайда қонамын, нендей тұсқа түнеймін деп уайымдаудың қажеті шамалы. М.Байғ. ~ Біле білсеңіз, консерваторияға бару үшін қайткенде де желпілдетіп ұзын шаш қоюдың қажеті шамалы. М.Қаб. ~ Салқынкөлге қалай жеткізесің? Ойландың ба? Шымнан ойып, қабырғасы қалың, есік-терезесі тар, жатаған үй салудың қажеті шамалы. А.Жақс.
