Posted in

ҚАЗАНДАЙ ҚАЙНАҒАН

Алабұртып, ішке сыймай тасыған сезім; аласапыран көріністің сипаты. * Осыдан кейін маған Меңтай мендік екен деген ой келді де, асыл арманыма шынымен қолым жеткені ме?– деп, көкіректе бұрқ-сарқ қайнаған қазандай тасыған қуаныштың ыстық буы көзімді шарпыды. Ә.Нұрш. ~ Еркін Мамырбаевты тосып тұрған айқас бар. Қазандай қайнаған ашуым әлі сол қалыбында. Тек жетейін Тұйыққа. Б.Соқ. * Бірақ амал не, іш қазандай қайнағанмен, ер намысынан көрі ел намысын жоқтар заманда ханға қол жинап қарсы шыға алмады. І.Есенб. * Бірақ қайнаған қазандай бұрқыраған ереуілді қазақ жерінің тең орталығы Ұлытауға келіп орналасуға казак-орыстар көнбеген. І.Есенб. ~ Буалдыр болжаммен ғана Әсет өзін-өзі ақтайды. Қазіргі сәтте кеудесінде тулап, қазандай қайнаған мазасыздығы неден, қалай пайда болды? Қ.Тол. * Зухра «Квантта» бір айға жуық жұмыс істеген кезінде әжептәуір еңсесі көтеріліп серігіп қалып еді. Таза, жеңіл жұмыс, қызығы қазандай қайнаған көңілді орта. Т.Сәук. * … жанары тірілген көзін жан-жағына тастады; қай жаққа қараса да жер көрінбеді; аспан асты қазандай қайнап жатқан теңіз … Ә.Нұрп.