Posted in

ҚАЗАНЫ БӨЛЕКТІҢ ҚАЙҒЫСЫ (ЖАНЫ) БӨЛЕК

Күн көрісі бөлек адамдардың бір-біріне жаны ашуы сирек д.м.мәтел. ~ Бұл ауылдың жігіттерін Қоңырқұлжа бекіністі қорғауға алмаған, тоқал тыныштығын күзетуге қалдырған. Қазаны бөлектің — қайғысы бөлек. Өз жігіттері сау қалғандықтан, нелер жақсы менен жайсаң қаза тапқан кешегі қанды ұрыс, сырт қараған адамға, бұл ауылға соқпай өткен сұрапыл дауыл секілді көрінді. І.Ес. ~ Ерғазы басына түскен ауыртпалықты шеше алмай қиналғандай тағы үндемей қалды. — Демек, еңкейген кәрі емеспін, әлі де болса бала сүйіп, қызық көргім келеді. Қазаны бөлектің жаны бөлек… Қайтадан үйленбекпін… І.Ес.